Теректі ауданында болған облыс әкімі Алтай Көлгінов аудан аумағында орналасқан "Жайық Жасыл Желек" ЖШС жұмысымен танысты. Арман Ғаббасов жетекшілік ететін кәсіпорын 2014 жылдан бастап өсімдік шаруашылығымен айналысып келеді.
Сонымен қатар кәсіпкер көлік жөндеу, жуу, жолаушыларға арналған қонақ үйі, асханасы бар автокемпинг (автокешен) салуды да жоспарлаған. Шаруашылық иелігінде 11 гектар жер болса, соның 1,2 гектары жылыжайға, 7 гектары ашық жерге көкөніс егуге және автокешен салуға бағытталған. Бүгінде 2 га жерге қызанақ, 2 га қарбыз, 1 га жерге қияр егу жұмыстары жүргізілуде.
Серіктестік жұмыстарымен танысқан облыс әкімі жеке кәсіпорын жұмысына сәттілік тіледі.
Нұрбек Оразаев
zhaikpress.kz