21.07.2017, 10:10
Оқылды: 57

Облыс әкімі Шабдаржап ауылындағы мектептің құрылысымен танысты

Акжайык 03  Облыс әкімі Алтай Көлгінов Ақжайық ауданының Чапай, Тайпақ, Шабдаржап ауылдық округтеріне іс-сапармен барды.

     Облыс басшысы алдымен Шабдаржап ауылында жаңадан салынып жатқан 198 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.


   Мектеп директоры Бекзат Иманғалиеваның мәлімдеуінше, ескі мектеп 120 орынға есептелгенімен, онда 165 оқушы білім алып, мектеп жасына дейінгі 48 бүлдіршін тәрбиеленуде. 1958 жылы салынған мектеп алты жылдай уақыт бойына апаттық жағдайда тұрған. Егер жаңа мектеп жоспарға сай келесі оқу жылында қолданысқа берілсе, ескі ғимарат жағдайы нашар, тұрғын үйлері жоқ отбасыларға берілмек.

    Жаңа нысанды салушы "Наурыз" ЖШС құрылыс коммерциялық фирмасының басшысы Азамат Ғұбайдуллин жұмыс шілде айының алғашқы күндерінде басталғанын айтты.

Акжайык 02  - Мемлекеттік сатып алу фирмасы конкурс ұйымдастырып, нәтижесінде "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" компаниясы есебінен 635,7 млн. теңге бөлінді. Мектептің жалпы жер аумағы 2,1018 гектар, ал ғимарат көлемі 2,4 мың шаршы метр. Екі қабат мектептің әр сыныбы арнайы құралдармен жабдықталады және жеке спорт алаңы салынады. Бүгінде 30 құрылысшы қарқынды жұмыс жасауда. Олардың ішіндегі 15 адам жергілікті тұрғындар. Құрылыстың күрделенуіне орай қызметкерлер саны да арта түспек. Жоспар бойынша алдағы жылдың наурыз айында мектеп құрылысы толықтай аяқталуы тиіс. Құрылыс материалдарының шамамен 80%-ы Орал қаласында дайындалады. Сәйкесінше әр күнде облыс орталығынан 10 ауыр жүк автокөлігімен құрылысқа қажетті материалдар жеткізілуде,- дейді Азамат Аxметұлы.

    Құрылыс жұмыстарымен мұқият танысқан Алтай Сейдірұлы ауа райының ыстығына қарамастан тынбай еңбектеніп жатқан құрылысшыларға сәттілік тілеп, жұмыстың сапалы атқарылуын талап етті.

Айымгүл Төлеуғалиева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале