28.09.2021, 12:57
Оқылды: 76

Облыс әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Өтеғұлов Арман Кәрімұлы тағайындалды.

00000

Өтеғұлов Арман Кәрімұлы 1964 жылы туған. Білімі – жоғары. Саратов зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін, Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «мал дәрігері», «экономика бакалавры», «экономика ғылымдарының магистрі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Казталов ауданы әкімінің орынбасары; Қаратөбе және Теректі аудандарының әкімі; Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы; Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы лауазымдарын атқарған.

2020 жылдан бастап Теректі ауданының әкімі қызметін атқарды.

Арман Кәрімұлы Өтеғұлов ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, жер қатынастары, цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале