16.01.2025, 18:15
Оқылды: 80

Облыс бойынша дәстүрлі шомылуға арналған 20 орынды анықтады

Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен «Крещение» мерекесіне орай ашық су қоймаларының жағдайына санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізілуде.

брифинг
19 қаңтарда православ әлемі «Крещение» мерекесін атап өтеді, облыс бойынша дәстүрлі шомылуға арналған 20 орынды анықтады: Орал қаласы-11, Теректі, Казталовка және Тасқала аудандарында-2, Ақжайық, Бөрлі, Жәнібек және Шыңғырлау аудандарында-1.
Орал қаласы мамандарымен Жайық, Шаған, Көшім өзендерден, Бөрлі ауданы мамандары Утва өзенінен, Казталовка ауданы мамандарымен Үлкен, Кіші өзендерден, Теректі ауданы мамандарымен Барбастау, Теректинка өздерінен, Ақжайық ауданы Жайық өзенінен, Жәнібек ауданы Дэу өзенінен, Тасқала ауданы Деркөл өзенінен және Шыңғырлау ауданы мамандарымен Елек өзенінен судың сапасын зертханалық бақылау мақсатында микробиологиялық, санитариялық-химиялық және вирусологиялық көрсеткіштерге сынамалар алынды.
Шомылу орындарына барған кезде белгіленген санитариялық- эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет, атап айтқанда, киім ауыстыратын бөлмелерде және кезекті күту кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет, сондай-ақ, шомылу кезіндегі жедел респираторлық вирустық инфекциялардың және жедел респираторлық ауруларды алдын алу мақсатында суық тиген немесе созылмалы аурулардың өршуі кезінде шомылудан бас тарту керек, өйткені бұл денсаулықты жақсартуға көмектеспейді, шомылғаннан кейін сүлгімен сүртіңіз, ыстық шай ішіңіз.

Гүлдана Кереева,
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале