13.02.2019, 17:37
Оқылды: 50

Облыс орталығында жаңадан 26 үй салынады

Былтыр облыста көп қабатты 26 үйдің құрылысы басталды. Олардың 15-і мемлекеттік бағдарлама арқылы салынуда. Көлемі – 126 мың шаршы метр болса, жоба құны   20,7 млдр. теңге.

Бұл туралы Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев есептік кездесуде айтып берді.

IMG_9773

-2018 жылдың аяғында 6 жаңа үй пайдалануға берілді. «7-20-25» бағдарламасымен 224 тұрғын өтініш берсе, олардың 144-нің өтініші расталды. Айта кету керек, қалада соңғы үш жылда пайдалануға берілген үйлердің саны екі есеге артты.

Сондай-ақ түбегейлі жоспарлау жобасымен қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі шағынауданда үйдің құрылысы жүруде. Жобаға сәйкес барлығы 26 көп қабатты үй салынбақ. Бұл 15 мыңға жуық адам баспаналы болады деген сөз. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен аталмыш ауданда көп қабатты 4 үйдің құрылысы басталды, - деді қала әкімі.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, бірінші қабатта балабақша, емхана, полиция бөлімшелері, кітапхана мен демалыс орталығы ашылмақ. Осындай балабақша Мөңкеұлы 83-ші үйде жұмыс жасап тұр. Мұнымен қоса полиция бөлімшесі де бар.

Ал «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында Collaprime фин компаниясымен бірлесе отырып, Оралда Building Information Modeling (BIM) технологиясын енгізу жобасы қолға алынған. BIM технологиясымен облыстық кардиологиялық орталықтың жаңа ғимаратын жобасын жасау жоспарда бар.

Айта кетейік, 2018 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап BIM технологиясы агро-техникалық колледжде оқу үрдісіне енгізілген.

IMG_9754

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале