Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толады.
Прокуратура тәуелсіз республикамыздың аса маңызды мемлекеттік-құқықтық институттарының бірі ретінде осы жылдар бойы Конституция мен заңдардың үстемдігін, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғауда. Өзінің дамуының әр кезеңінде прокуратура қызметінің мәні жақсарып, прокурорлық қадағалаудың нысандары мен әдістері жетілдірілді. Прокуратура құрылымдарының қалыптасуы, дамуы мен нығаюының 30 жылы ішінде өзгеріссіз қалған қызметінің негізгі қағидаттары – заңдылықты сақтау, мемлекеттің қоғамдық мүдделері мен азаматтардың жеке құқықтарын қорғау, жалпы мемлекеттік құрылымдар мен халық арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Қазақстан прокуратурасының дамуында үлкен рөл атқарған алғашқы тарихи құжаттардың бірі Қазақ автономиялық республикасы орталық атқару комитеті (бұдан әрі – ОАК) сессиясының 1922 жылғы 13 шілдедегі Прокурорлық қадағалау туралы ережені бекіткен қаулысы болды. Осы кезден бастап әділет халық комиссариатының құрамына кіретін прокуратура – мемлекет атынан жоғары қадағалауды жүзеге асыра бастады.
1892 жылы Бөкей ордасында дүниеге келген жерлесіміз Шахат Мұхамбетжанұлы Бекмұхамедов республиканың бірінші прокуроры болды. Ол бір мезгілде әділет халық комиссары лауазымында болып, прокуратура құрылымдарының іргетасын қалап, оның дамуына өз үлесін қосты. Республика прокуроры лауазымына ол 1922 жылдың тамызында тағайындалды.
Орал облыстық прокуратурасының қалыптасу тарихы да өз оқиғаларымен бай. Ол өз есебін 1922 жылдың тамыз айында, 2-шақырылымдағы Қырғыз ОАК-ның 3-сессиясының қаулысымен Орал губерниясының аумағында Орал губерниялық прокуратурасы құрылып, оны біздің өңірде прокуратура құрылымдарын құруға елеулі үлес қосқан Ы. Мұстамбаев басқарды. Кейіннен прокуратура бірнеше рет өзгерістерге ұшырап, 1932 жылдың наурыз айында Батыс Қазақстан облысында облыстық прокуратура құрылды.
Облыс прокуратурасын әр кезеңде И.Евдокимов, Ш.Жиенқұлов, И.Николаев, К.Ақжаров, Т.Ыбыраев, М.Сычев, К.Сепетов, Н.Жогин, С.Ивашина, Н.Смағұлов, М.Ажханов, А.Исабеков, А.Балкин, К.Талипов, К.Ахметов, Б.Сарбасов, М.Пакирдинов, Б.Мамытов, А.Кәрім, С.Үмбетәлиев, З.Лакпаев, Г.Тоғызбаев басқарды. Бұл адамдардың барлығы жанқиярлықпен еңбек етті және облыстағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісіне үлкен үлес қосты, заңгерлердің бірнеше жас буынын тәрбиелеп, олардың өміріне жол көрсетті.
Саяси қуғын-сүргін кезеңінде Кеңес үкіметіне қарсы үгіт-насихат жүргізді және ұлтшыл деген жалған айыптар бойынша заңдылықты сақтау үшін жанқиярлықпен күрескен, қолданыстағы заңдарды тұрақты қорғаған көптеген адал және батыл адамдар, соның ішінде Н.Нұрмақов, Н.Ералин, С.Мамбеев, Ж.Сәдуақасов, Ш.Айтмағамбетов, М. Атаниязов және С.Есқараев республика прокуратурасын басқарғандағы қиын кезеңдер туралы айта кетпеуге болмайды.
Қуғын-сүргін біздің облысты да айналып өтпеді. 1938 жылдың наурыз айында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының прокуроры М.Жалмұханов революцияға қарсы ұлтшылдық ұйымға мүшелігі үшін мүлкі тәркіленіп, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған ұйымға облыс прокуроры Ақжаров та кіргенді-мыс. Өзіне қарсы қуғынды көтере алмай, қолдан жасалған айыптау актісіне дейін Акжаров озбырлыққа наразылығын көрсетіп, өзіне-өзі қол жұмсады. Прокуратура қызметкерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында да өздерінің батырлықтары мен батылдықтарын көрсетті.
1-Балтық майданындағы шайқастарға қатысқан Мұқатип Ажханов 1946 жылы әскерден қайтқаннан кейін халық тергеушісі, Жәнібек және Чапаев аудандарының прокуроры, ал 1971 жылдың наурызынан 1978 жылдың қыркүйегіне дейін облыс прокуроры болып жұмыс істеді.
Прокуратураның құрметті қызметкері, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі. Ол бүгінгі күнге дейін прокуратура құрылымдарында жұмыс істеп келе жатқан танымал кәсіби заңгерлердің тобын тәрбиеледі. Оның есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында облыс прокуратурасы басшылығының және ардагерлер кеңесінің қолдаухаты бойынша Орал қаласында соңғы уақытта тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды.
Фашистерге қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін Иван Степанович Гапич Қызыл алаңдағы Ұлы Жеңіс шеруіне қатысты, ол аудан прокурорының көмекшісінен облыс прокурорының орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Облыс прокуратурасы басшылығының бастамасы бойынша Орал қаласы мәслихатының 2013 жылғы 12 наурыздағы шешімімен прокуратура құрылымдарының ардагері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы И. Гапичке Орал қаласының құрметті азаматы атағы берілді.
Облыс прокуратурасының аға тергеушісі болып жұмыс істеп жүріп, 1941 жылы майданға аттанып, Қиыр Шығыстағы Порт-Артурдағы соғысты аяқтаған, 2 Қызыл Жұлдыз, жауынгерлік Қызыл ту, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған Қасым Сүндетқалиевті еске алып құрметтейміз. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап прокуратура құрылымдары ерекше жұмыс режіміне көшті. Бұл біздің бірқатар аудандарымыздың (Бөкей ордасы, Жәнібек және Казталов) майдан жанындағы алқап болғандығымен байланысты. Әскерге шақырылғандардың орнына жұмысшылар болып негізінен өз лауазымдарында аянбай еңбек еткен әйелдер келді. Олардың қатарында облыс прокурорының аға көмекшісі, КСРО прокуратурасының құрметті қызметкері Зоя Боярская, облыс прокурорының аға көмекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері Роза Вафеева, облыс прокурорының аға көмекшісі Сима Бейрак және басқалары болды.
1942 жылдан 1946 жылға дейін облыс прокуратурасын басқарған Николай Венедиктович Жогин КСРО Бас прокурорының орынбасарына дейін өсті. Көптеген тергеушілерге 70-жылдары оның редакциясымен шыққан «Тергеушілерге арналған нұсқаулық» көмектесті. Еңбек жолын Теректі ауданы прокуратурасының тергеушісі болып бастаған және Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорына дейінгі жолдан өткен Катуш Шунаевқа арналған мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды. Облыс прокуратурасының тарихы, жалпы тарих сияқты – бұл ең алдымен адамдар, жанкештілік, адалдық және басқа да жоғары адами қасиеттер туралы жақсы естелік, жас қызметкерлерге үлгі болу, үздік дәстүрлерді дамыту.
Көптеген соғыс және еңбек ардагерлері қазір құрметті демалыста. Бірақ олар ұжыммен байланысты үзбей, жас кадрлардың тәжірибесін арттыруға көмектесуде. Біз олардың бай тәлім-тәрбиесіне мұқтажбыз. Сондықтан олар жас мамандарға арналған слеттерге, прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен өтетін салтанатты іс-шараларға жиі шақырылады. Прокуратура құрылымдарының ардагерлері Т. Абдулхакованы, С.Умбетәлиевті, К.Ахметовты, Г.Кимді, Э.Гращенковты, М.Кадыровты, М.Уаповты адалдық пен еңбексүйгіштіктің үлгісі деп атағымыз келеді. Олардың әрқайсысының есімі қадағалау құрылымдарының тарихында лайықты орын алады. Ол батылдықтың, кәсібиліктің және таңдалған іске адалдықтың үлгісі болып табылады.
Әсел Беркалиева,
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының ресми өкілі