19 қыркүйек күні сағат 10:00-де облыс прокурорының орынбасары Нұрлан Ерманов Орал қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды жеке қабылдайды. Бұл туралы БҚО Прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет: Sputnik / Тимур Батыршин
«Жеке қабылдауда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында сотталғандар тарапына түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Тәртібі мен шарттары және жұмысқа орналастыру жөнінде сұхбаттар қарастарылады.
Шараға пробация қызметінің инспекторалары және жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысады», делінген хабарламада.
zhaikpress.kz