Тәуелсіздік жылдарында ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамту үлесі 25-тен 98,6%-ға дейін, ал ауыз сумен қамту үлесі 31-ден 88,4%-ға дейін өскен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аймақ басшысы Ғ. Есқалиев мәлім етті.
-Биыл төрт ауылға көгілдір отын жеткізілді, жыл соңына дейін тағы жеті ауылға газ кіретін болады. Сонымен бірге жыл басынан 5 ауылға су өткізілген болса, осы айдың соңына дейін тағы 15 ауыл сапалы ауыз сумен қамтылатын болады,- деді облыс әкімі Ғ.Есқалиев.
Жанбота Жәрдемова,
zhaikpress.kz