Биылғы жылы өңірде 19 әлеуметтік нысанның құрылысы жүрізілуде. Жыл сайын облыс бойынша бірнеше құрылыс нысандары бой көтеріп, қаланың әлеуметтік әлеуетінін артуына үлес қосып келеді. Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев Қазақ драма театрында өңірдің бірқатар құрылысшыларын марапттап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
-Өткен жылы облыс бойынша үш мәдениет, бес спорт нысанымен қатар заманауи әуежай салынды. Ал, биыл 19 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Солардың қатарындағы жеті мектеп пен үш мәдениет үйі жыл соңында тапсырылады деп жоспарлануда,- деді өңір басшысы Ғали Есқалиев.
Халықты баспанамен қамтуда да құрылысшылардың еңбегі зор екені анық. Тек былтырғы жылдың өзінде 4200 -ден астам пәтер қолданысқа берілген.
Үй салу жұмыстары биыл да өте қарқынды жүріп жатыр.
Салтанатты жиында аймақ басшысы Ғали Есқалиев «Құрметті құрылысшы», «Еңбек ардагері», «Қазақстанның құрметті жолшысы» төс белгілерімен өз саласының майталмандарын марапаттады.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz