13.02.2026, 21:27
Оқылды: 81

Облыста коалиция жұмысы басталды

Бүгін Батыс Қазақстан облысында республикалық бастама аясында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшіноблыстық коалициясы құрылды. Отырысқа облыстық коалиция мүшелері, қоғамдық пікір көшбасшылары, жас белсенділер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

22fee4ce-2c60-4db6-80a3-615fc9fde085

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанныңхалықтық Конституциясы үшінБатыс Қазақстан облыстық коалициясы жеткшісі, «AMANAT» партиясы  облыстық филиалының төрағасы Мұрат Мұқаев жаңа Конституция ел дамуы жолында қызмет ететін маңызды құжат екенін атап өтті.

17b78dee-5384-45bc-8cc2-0176940ac3a0

Еліміздің жетекші саяси күштері бастамашы болған жалпыұлттық коалициясының біздің өңірдегі штабы ашылды. Бұл жай ұйымдастырушылық қадам емес, бұл ел болашағына деген ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі. Жаңа Конституцияның жобасы мемлекетімізді жаңғырту жолындағы жүйелі реформалардың заңды қорытындысы. Бұл құжат – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған саяси жаңғыру бағытының нақты нәтижесі. Әділетті қоғам құру жолындағы батыл қадам. Бұл Ата заңның ерекшелігі – халықтың барлық ұсыныс-пікірі ескерілген. Республика бойынша 4000 ұсыныс түскен болса, біздің облыстан 100-ден астап пікір ескерілген. Кеше ғана елордада үлкен коалиция құрылды. Оған ҚР Парламентіндегі жетекші партиялар, 300-ге жуық қоғамдық ұйым мен белсенділер, қоғам қайраткерлері, ел жанашырлары кірді. Бүгін облыстық коалиция құрылды. Оның мақсаты – конституциялық өзгерістердің қағидаттарын, мақсат-міндеттерін азаматтарға жан-жақты түсіндіру, ашық әрі мазмұнды диаолог орнату,  білікті заңгерлердің, сарапшылардың қатысуымен халықтың арасында кеңінен насихат жүргізу.  Облыстағы жетекші партиялар мен қоғамдық ұйымдар қолдау білдіруде. Коалиция жұмысы бір айға жуық жалғасады. Жаңа қонституция тек құқықтық құжат емес, бұл – ұлттың жаңа сапалық деңгейіне көтерілуінің нышаны, бірлігімізді бекемдейтін, болашағымызды айқындайтын тарихи науқан. Біз келер ұрпаққа әділетті, қуатты, прогрессивті Қазақстанды аманат етуге тиіспіз. Ол үшін ортақ мақсат жолында жұмылуымыз керек. Баршаңызды алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырамын, деді Мұрат Мұқаев.  Оның айтуынша, облыстағы коалиция төңірегінде 600-ге жуық азамат жұмыс атқарады. Оған қоса, 70-ке жуық қоғамдық ұйым бар. Бүгіннен бастап коалиция мүшелері 15 наурызда өтетін республикалық референдумға орай  үгіт-насихат жұмысын бастайды. Өңір аумағында 700-ден аса ауқымды іс-шара жоспарланған.

Биылғы ақпанның 11-інде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің қолданыстағы негізгі заңының 44-бабының 10-тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес биыл 15 наурызда республикалық референдум өткізу жөніндегі қаулыға қол қойды. Бұл референдумда отандастарымыздың назарына «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған  Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабалдайсыз ба?» деген сауал ұсынылады. Еліміздің негізгі заңының жаңа жобасы үлкенді-кішілі оқу орындарында, денсаулық сақтау мекемелерінде, үкіметтік емес ұйымдарда, ірілі-ұсақты кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында талқыланды. Ұсыныс-пікірлер конституциялық реформа жөніндегі комиссияның назарына жолданды. Осынадй ауқымдыталқылаудан кейін барып, Мемлекет басшысы республикалық референдум өтетін күнді белгіледі. Мемлекет әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тек қоғамдық тұрақтылық болғанда ғана дамиды. Халық тек мығым, берік қоғамдық тұрақтылық жағдайында ғана елін, жерін өркендетер жасампаз еңбекке жаппай жұмыла алады. Міне, еліміздің жаңа Конституциясының жобасы мемлекеттік басқаруды жетілдіріп, ұлттық, отбасылық және жалпы адамзаттық құндылықтарды негізге ала отырып, қоғамдық тұрақтылық пен жасампаз еңбекті қамтамасыз етуді көздейді. Ендеше Отанымыздың мемлекеттілігін нығайтып, еліміздің ұлы мәртебелі тәуелсіздігін баянды етуге қызмет ететін жаңа Конституция қабылданар референдумға бәріңізді зор жауапкершілікпен қарап, белсенді қатысуға шақырамын. Еліміздің жаңа негізгі заңы отандастарымыздың дін-діліне, түр-тіліне қарамастан Қазақстан халқының бірлігін бекемдеп, берекесін еселеріне, ынтымағын нығайтып, ырысын молайтарына сенім артайық, деді жиында белгілі журналист, облыстық коалиция төрағасының орынбасары, «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин.

«Ақ жол» партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары Айгүл Туркина референдум жай ғана саяси науқан емес, ол қоғам пікірін ескеретін нақты әрі заңды тетік деп атап өтті. «Ақ жол» партиясының басты ұстанымы заң үстемдігі мен азаматтардың таңдау құқығын қамтамасыз ету. Сондықтан стратегиялық маңызы бар мәселелер халықтың тікелей қатысуымен шешілуі тиіс деп санаймыз.Батыс Қазақстан облысы – кәсіпкерлігі дамыған,экономикалық әлеуеті жоғары өңір. Осы орайда кез келген өзгеріс экономикалық тұрақтылыққа кері әсер етпеуі аса маңызды. Тұрақтылық дегеніміз – жаңа жұмыс орындары, шағын және орта бизнестің дамуы, отбасылардың табысы мен әл-ауқаты. Біз референдумды қолдаймыз. Себебі бұл – халықтың өз таңдуын жасау құқығын қамтамасыз ететін ашық әрі демократиялық жол», деді Айгүл Серікқызы.

«Respublica» партиясы БҚО филиалының төрағасы Дулат Мақатов: «Еліміз үлкен өзгерістер кезеңіне қадам басты. Біз алдағы ондаған жылда ауқымды түрде жүзеге асатын шешімдерді қабылдап жатырмыз. Ата заңның жаңа жобасын бекіту тек заңды қажеттіліктен туған жоқ. Бұл қоғамның әділдік пен замануи басқаруға деген сұранысына берген нақты жауап», деді. Өз кезегінде сөз алған  «Ауыл» партиясы БҚО филиалы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов тұрғындардың референдумға қатысуының аса маңызды екенін айтып, батысқазақстандықтарды саяси науқаннан сырт қалмауға шақырды. Қазақстан Халық партиясының БҚО филиалының төрағасы Борис Лаврентьев партиялықтар әділеттілік, тең мүмкіндіктер мен әлеуметтік қорғау қағидаттарын нығайтатын өзгерістерді қолдайтынын жеткізді.

576701bb-f32e-4a27-b58a-6294ef855b4f

Кездесуге қатысушылар жаңа Конституция жобасы мемлекеттің саяси жүйесін одан әрі жаңғыртуға, әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға, кәсіпкерлікті қолдауға, ғылым-білімді, мәдениет пен ұлттық құндылықтарды дамытуға толық сәйкес келетінін атап өтті.

Ясипа Рабаева

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале