28.03.2017, 16:43
Оқылды: 24

Облыстағы мектептерге медиация кабинеттері қажет

Бұл жайында Орал қаласындағы Достық үйінде "Медиация - азаматтық қоғам  негізі" тақырыбында өткен семинарда айтылды.

БҚО əкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ жанындағы əлеуметтік бастама жəне қоғамдық келісім бөлімінің Алуа Рақышеваның сөзінше, басқа өңірлерге қарағанда БҚО-да медиация институтын дамыту жайы көңіл көншітпейді.

"Мектептерде жиі дау туып жатады. Мен оны білім беру саласында істеген өз тəжірибемнен білемін. Сондықтан сотқа дейін дауды өршітпей, бітімгер арқылы ерте шешкен жөн," - дейді Алуа Рақышева.

Семинарда халықаралық құқық қорғау орталығының өкілі Мейірхан Жанбозова білім беру жəне ішкі саясат органдары медиация орталықтармен бірлесіп, мектептерде дауды  шешуге арналған кабинеттер ашуға пилоттық жобаларды қолға алу қажеттігін тілге тиек етті.

Мамандардың айтуынша, БҚО-да 6 медиация орталығы бар. Сонымен қатар  Астана, Алматы қалаларындағы оқыту курстарына қатысуға болады. Бітімгерден заңгерлік білім болуы талап етілмейді, дегенмен даудың оң шешімін табуға, қос тарапты татуластыруға қабілетті, өмірлік тəжірибесі мол болғаны жақсы. Дөңгелек үстелде жасөспірімдер тəрбиесіне көңіл бөлу, оқу орындарда медиацияны тиімді пайдалану жайы талқыланды. Семинарға қаладағы білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале