13.04.2024, 16:30
Оқылды: 75

Облыстағы жағдайға орай ХҚКО жұмыс кестесін ұзартты

Облыстағы су тасқынынан зардап шеккен, баспаналарын су басқан тұрғындарға көмек көрсетуге құжаттар жинау басталды. Сол себепті "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ БҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімдері жұмыс кестестелерін ұзартты.

InShot_20240413_164844757
Айта кетейік, ХҚКО мамандарының міндетіне үйлерін су басқан тұрғындарға комиссияға ұсыну үшін құжаттарын реттеуге жәрдемдесу ғана кіреді.
Дүйсенбіден жұмаға дейін Исатай-Махамбет көш., 84; Жамбыл көш., 81/2; Жәңгірхан көш., 160 сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, жұмыс күндері кезекші орталық Жамбыл көш., 81/2 сағат 20:00-ге дейін, сенбі күндері Жамбыл көш., 81/2; Жәңгірхан көш., 160 сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сонымен қатар облыс тұрғындары мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алатын 3 Сonnection point сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін осы мекен-жай бойынша жұмыс жасап жатыр:
* Орал қ., Құрманғазы көш., 173/1 «Dom Byta» сауда үйі;
* Орал қ., Исаев көш., 2/9 «Московский» сауда үйі;
* Орал қ., Сарайшық көш., 47 «Азаматтарды қабылдау орталығы».
Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту" қызметін 24/7 өтініш жіберуге болады.
InShot_20240413_164831939
Сонымен қатар филиал қызметкерлері облысымызда орын алып жатырған жағдайға байланысты, демалыс күндері де эвакуациялық орталықта орналасқан тасқын судан зардап шеккен облыс тұрғындарына көмек көрсету мақсатында жылжымайтын мүлік құжаттарына қатысты кеңес беру жұмыстарын жүргізіп, барлық сұрақтарға жауап беруде.

"Азаматтарға арналған үкімет"
Мемлекеттік корпорациясы” Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале