Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы қолдауымен «Үркер» мәдениетті және өнерді қолдау орталығы жеке қоры ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай әскери-патриоттық клубтардың мүшелері мен белсенділері, әскерге шақырылатын жастар арасында әскери-патриоттық ойын өткізді.
Ойынға 10 команда, яғни облыс мектептері мен колледждеріндегі 14-18 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер қатысты. Ойын бағдарламасы әскери эстафета, спорттық бағдарлау, туристік эстафета, өлкетану алаңы, экологиялық квест және атты туризм элементтеріне құрылды.
Ойын нәтижесінде 1 орынды Орал гуманитарлық техникалық колледжі, 2 орынды Орал ақпараттық технологиялық колледжі, ал 3 орынды №21 ЖББМ Орал қаласы жеңіп алды.
Барлық қатысушылар алғыс хаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
zhaikpress.kz