22.12.2020, 16:29
Оқылды: 47

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мырзахметова Әсел Қажиахметқызы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындарды қабылдады

d6197701-fe73-46eb-822d-59f45074e705

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мырзахметова Әсел Қажиахметқызы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындарды қабылдады. Бүгінгі қабылдауда денсаулық мәселесі бойынша келгендер көп болды.

«Өзімнің аяғым ауырады. Сорбуын (артрит) диагнозын қойып, мүгедектік тобын беріп еді. Одан да 2015 жылы шығарып тастады. Бармаған жерім жоқ, ешқандай көмек болмады. Енді Жаңақорғанға барып, аяғымды емдетсем деймін. Соған қаржы жағынан қиналып тұрғаным», - деп өтінішін айта келген Сырым ауданының тұрғынына кандидат сайлау науқанынан кейін міндетті түрде шешімін тауып, қолұшын беруге тырысатындығын жеткізді.

7572f70c-3a78-4234-a417-1c4bacaf1c45

Жүрек талма ауруымен ауыратын Жалпақтал өңірінің азаматы ешқандай жерге орналаса алмай жүргенін айтып шағымданды. «Менің диагнозыммен ешқандай жерге жұмысқа алғысы келмейді. Ең болмағанда мүгедектік тобын да бермейді. Жұмыс жасағым-ақ келеді. Алайда жұмыс берушілер де өз мойындарына жауапкершілік ала алмайтындықтарын айтып, кері қайтарып жібереді», - деп жағдайын айтқан бұл азамат, өз сұрағына нақты жауап ала білді. Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Шайхиниязова Гауһар Жәрдемқызы үміткермен бірге сол жерде тиісті мекемеге қоңырау шалып, қажет ақпаратты алып берді. Мүгедектік алу үшін қажетті құжаттарды жинап болған соң, бұл мәселе оң шешімін табу үшін көмектесетінін жеткізді үміткер.

Осы және басқа да ұсыныс-сұрақтарға барынша нақты жауап беруге тырысқан үміткер барлығын алдағы сайлауға белсене қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале