10.09.2021, 16:20
Оқылды: 67

Облыстық музейдің жас кадрлары аудандық музейлерге сапар шекті

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің жас мамандары Көктерек-Бөкей ордасы-Жаңақала аудандарына екі күндік тарихи-танымдық саяхатқа шығып келді.

IMG_5019

«Аудандардағы музейлердегі жәдігерлерді көзбен көрсек...» деген жас саяхатшыларды облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Мирболат Бижанұлы бастап барды.

Экспедиция Көктерек ауданынан басталып, келесі күні табиғаты тамаша мекен Бөкей ордасы ауданындағы Хан сарайына бағытталған саяхатпен жалғасты.

Тарихи орындар мен тамылжыған табиғатты тамашалауға барған саяхатшыларды Хан ордасы тарихи-мәдени архитектуралық-этнографиялық музей қорығының директоры Ғайса Темірболатұлы, аудандық экспозиция бөлімінің меңгерушісі Әлихан Асқарұлы күтіп алып, тарихи жерлермен таныстырды.

IMG_5047

Жәңгір ханның, Бөкей ордасының негізін қалаушы Бөкей ханның, Дәулеткерей, ғалым-этнограф Мұхамед-Салық Бабажановтардың кесенелерінен тұратын пантеонды тамашалаған жастар хан мен сол жерде жерленген бабалардың рухына құран бағыштады.

Киелі орындармен танысқан соң «Аспан астындағы музей» аталып кеткен Хан сарайына бет алды.

Бұндағы тарихи музейге айналған үйлерді экскурсия бөлімінің басшысы Гүлмира Қуанышқызы аралатып, әр үйге тоқтала жүріп толық ақпарат берді.

Лунара Хамидоллақызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале