19.03.2021, 15:02
Оқылды: 45

Облыстық «Жайық толқыны» фестивалі қорытындыланды

     Наурыз мейрамы қарсаңында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының облыстық балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология  орталығында 17-19 наурыз күндері аралығында облыстық «Жайық толқыны» фестивалі өтті.

ж5

Фестивальдің мақсаты – өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, халықтық салт-дәстүр, әдебиетімізді дәріптеу, жеке тұлғаның бойына рухани-адамгершілік қасиеттер мен мәдени құндылықтарды және ұлттық рухымызды сіңіру, дарынды оқушыларды анықтау.

01

5 бағыт бойынша өткен фестивальге барлығы 14 команда, 70 оқушы қатысты.

«Жас жазушы» аталымы бойынша Қанат Айдынғали (Теректі ауданы, Социализм ЖОББМ-нің 8-сынып оқушысы), «Жас ақын» аталымы бойынша Келбет Құттыбаева (Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ЖОББМ-нің 9-сынып оқушысы), «Жас термеші» аталымы бойынша Нұрым Амангелді (Сырым ауданы, балалар саз мектебінің тәрбиеленушісі), «Жас шебер» аталымы бойынша Ізтілеу Әбілпейісов (Ақжайық ауданы, М.Өтемісов атындағы ОЖББМ-нің 8-сынып оқушысы), «Жас репортер» аталымы бойынша Дильяра Есмұқан (Бөкей ордасы ауданы, БОБЖТжЭО-ның үйірмешісі) жеңімпаз атанды.

04

      Жүлделі орын алған жеңімпаз-жүлдегерлер облыстық білім басқармасының грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

03

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале