4.08.2020, 10:52
Оқылды: 39

Облыстың бас кітапханашысы «Мейірім» төсбелгісімен марапатталды

Облыстық кітапхана – республикадағы тарихы тереңде жатқан, ең ірі 400 мың данаға жеткен дәстүрлі және дәстүрлі емес тасымалдаушы қорды сақтаушы кітапхана.

93B304E0-266D-4E05-9417-8A39D227F8AA

Кітапхананың мықтылығы – оның  сұранысқа иелігінде. Кітапхана қабырғасында ұйымдастырылып отыратын ақын-жазушылар, танымал тұлғалармен қызықты кездесулер, жаңа кітаптың тұсаукесері, қылқалам шеберлері туындыларының көрмесі, өзекті мәселелерге байланысты ұйымдастырылған дөңгелек үстелдер, түрлі мүдделілік клубтары, оқырмандар арасында кітапхананың мәртебесін өсіріп, оларды кітапханаға қызықтырып, ерекше бір күшпен тартып отырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының басшысы Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызының ұсынуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Оразаева Шолпан Қуанышқалиқызы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мейірім» төсбелгісімен марапатталды.

Шолпан Оразаева 2017 жылы БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бұйрығымен «Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалған болатын.

Шолпан Қуанышқалиқызы 2015 жылы ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен наградталған.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале