21.02.2018, 18:01
Оқылды: 60

Облыстың төтенше және кезек күттірмейтін резервінде 1,3 млрд теңге қарастырылған

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті.

-Наурыз айының екінші онкүндігінен бастап күн 0-7 градусқа дейінгі жылы ауа-райы күтілуде. Облыс аумағындағы күзгі ылғал мен қар қоры биыл тиісті мөлшерден 30-80 пайыз төмен болғанымен, жердегі тоң өткен жылғыдан қалың. Әсіресе Орал қаласы мен Шыңғырлау ауданы аумағында тоңның қалыңдығы  114-124 см құрайды. Күн бірден жылып, еріген тоң мен қар суына жауын-шашын қосылатын болса, су тасқыны қаупі артады,-дейді «Қазгидромет» РМК БҚО бойынша филиалының директоры Нұржан Шияп.

-Облыстың төтенше және кезек күттірмейтін резервінде 1,3 млрд теңге қаражат қарастырылған. 165 тонна жанар-жағар май,  123 мың қапшық қоры, 12,4 мың тонна инертті материал (ПГС, қиыршық тас) дайындалып, облыстық бюджеттен мұз жару жұмыстарына 11,6 млн теңге, әуеден бақылауға 14,7 млн теңге, қарышты мониторинг жүргізуге 6,5 млн теңге қаржы жоспарланған.  Елді мекендерден шығарылған қардың көлемі 115 мың текше метрді құрайды, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда,-деді БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев.

Динара Жұмабекқызы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале