12.02.2021, 15:05
Оқылды: 44

Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде «Оқуға құштар мектеп»  жобасы енгізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде кітап оқу арқылы әлемге деген қызығушылық мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс екенін атап өтті. Бұл тапсырманы орындау үшін "Оқуға құштар мектеп" жобасы енгізілді.

 Без имени-2-111

"Оқуға құштар мектеп" жобасы оқушылардың, кітапханашылардың, ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған.

Жоба аясында отбасылық оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру, мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша кешенді шаралар көзделген.

Бастауыш сынып оқушылары үшін рухани құндылықтарды, оқуға деген қызығушылықты ояту мақсатында үзілістер арасында ертегілерді оқу ұйымдастырылып, нәтижесінде оқырмандар конференциясы оздырылады.

Кітап оқуды қолдау және беделін арттыру мақсатында (оқу сәні) негізгі буын білім алушылары арасында "20 минут оқы да, 3 минут эссе жаз" атты оқырмандар акциясы өткізіледі.

Демалыс уақытында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін "Қызықты кітаппен демалыс"оқырман марафоны өтеді.

"Оқы және өзгеге сыйла" атты Bookcrossing кітап алмасу бойынша арнайы орындар ұйымдастырылып, оқушылар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісу үшін келесі оқырманға өздерінің оқыған кітаптарын жолдайды.

Осы жоба аясында отбасылық оқуға арналған кітаптар тізімі жасақталып, READx book "Өзің оқы және басқаларға ұсын"жобасы іске асырылуда.

Оқуға тарту үшін ерте жастан бастап отбасымен бірге "Бір отбасы – бір кітап" атты оқырмандар акциясы ұйымдастырылады.

Облыстың барлық кітапханаларында жерлес-жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында "Әдеби Ақжайық" жобасы, "Әкеммен кітап оқимын" инста-акциясы, "Ақжайық өңірінің оқырман отбасы "байқауы жүзеге асырылуда.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале