Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәліметті «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасы жазды.

Бүгін, 15 қаңтарда Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Жетісу, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ұлытау және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қар мен боран күтілуде.
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.