ҚР ІІМ Интерпол ҰҚО-ның сұрау салуы бойынша Түркия Республикасының аумағында Маңғыстау облысының полиция департаменті тұтқындау және экстрадиция жасау үшін халықаралық іздестіруге жариялаған 32 жастағы қазақстандық ұсталды.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ол облыс тұрғындарын қаржы пирамидасына тартқаны үшін іздестірілген.
“Oceans Enterprise” компаниясының атынан әрекет ететін алаяқтық топтың ұйымдастырушылардың бірі.
Алаяқтар әлеуметтік желілерде салымшыларды тарту үшін Smart Trade Сoin деп аталатын криптовалютаны сатып алу арқылы жылдам ақша табу мүмкіндігі туралы ақпаратты таратқан.
Сотқа дейінгі тергеу барысында 60-тан астам жәбірленушіден өтініш түскен.
Алданған азаматтарға келтірілген шығын көлемі – 212 миллион теңге.
Күдікті Астана қаласында жеткізіліп, қамауға алынған.