5.02.2024, 17:15
Оқылды: 115

Одақтық тұңғыш Конституция қашан қабылданды?

1936 жылдың 5 желтоқсанында қабылданған КСРО Конституциясына сай оның құрамына кірген Одақтас Республикалардың Конституциясы қайта жазылуы тиіс болды.

калам

Осыған орай 1937 жылдың 26 наурызында Қазақ Кеңестік Социалистік Одақтас Республикасының Негізгі заңы алғашқы Конституциясы қабылданады.

Қабылданған Ата заңда қазақ халқы патриархалдық-феодалдық қатынастардан, дамудың капиталистік сатысына соқпай, социализмге қадам басты деп жазылып бекітіледі.

Республика Конституциясы 11 тарау мен 125 баптан тұрады. Онда социализм негіздерін құру, жоспарлы экономика және өндіріс құралдарына қоғамдық меншікті бекіту және тең құқылы қатынастарды қалыптастыру басты құндылық делінді.

Осылайша Қазақстанның өзге Одақтас республикалармен біртұтастығын заңды түрде бекітеді.

Алайда сол тұста әлеуметтік-экономиканың дамуындағы жетістіктермен қатар, тоталитарлық әкімшілік-казармалық жүйенің қалыптасып жатқанын көпшілік білмеген еді.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 («Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале