Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің облыстық байқауы өтті.
Аталмыш іс-шараға аудандардан және Орал қаласы бойынша 10-11-сынып оқушылары қатысты.
«Ой-сана» байқауы қазақ тілді жастар арасында орыс тілі мен мәдениетін жақсы білетін дарынды жастарды анықтау және қолдау мақсатында өтті. Байқаудың төрт түрлі шарты болды. Атап айтсақ, орыс тілінің лексикасы мен грамматикасын білуге арналған тест тапсырмасы, ұсынылған тақырып бойынша ауызша тұсаукесер жасау, эссе жазып, диалог құру және «Шабыт жұлдызы» шығармашылық үй тапсырмасын орындау.
Байқау қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Дария Гумарова І орынды иеленді.
Сондай-ақ ІІ орынға облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Жанар Мұратова мен Бәйтерек ауданы Қ.Аманжолов ЖОББМ-ның 11-сынып оқушысы Ділназ Ерғали жайғасты. Ал кезекті ІІІ орынға Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Айна Жайлау, Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Ділназ Мукатова және Теректі ауданының Аңқаты ЖОББМ 10-сынып оқушысы Аягүл Утешева лайық болды.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Аманжол Исламғали,
zhaikpress.kz