6.11.2023, 17:30
Оқылды: 50

«Ойыл уәлаяты» билігі қалай құрылды?

Бұл 1917 жылғы Ресейдегі ақпан төңкерісінен кейін Батыс Қазақстанда пайда болған жергілікті қазақтар билігі. Ол туралы 1917 жылы наурыз айында Орал қазақтары қатысқан сиезде жарияланады.

жп дала

Сиезде қазақ атқару комитеті құрылып, оның төрағасы болып Халел Досмұхамедов сайланады. Сиезде елде тыныштық сақтау, Құрылтай жиналысын өткізуге халықты үгіттеу, облыста сиездер өткізу, тағы басқа мәселелер қаралады.

«Ойыл уәлаяты» Уақытша үкіметі Батыс Қазақстан қазақтарының ІV сиезінде құрылған үкімет ретінде белгілі. Ол 1917 жылдың сәуірі мен қыркүйегі аралығында жұмыс істейді.

Бұл мемлекеттік-автономиялық құрылым өңірде қалыптасқан жағдайды реттеу үшін құрылған деп саналады. Уақытша үкіметтің құрамына Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов, Д.Күсепқалиев, С.Омаров, Қ.Асанов және Ғ.Қосдәулетов кіреді.

Уәлаяттың жоғары органы - уәлаят Құрылтайы, халық сайлайтын басқару органы - Земство управасы, мемлекеттік органы - Кеңес, мемлекеттік орган құратын атқарушы билік аппараты - Уақытша үкімет деп бекітіледі.

Орталығы - Жымпиты қаласы болады.

Кейін «Ойыл уәлаяты» Уақытша үкіметінің орнын Батыс Алашорда бөлімі басады.

Зулхожа

Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале