Бірінші дүниежүзілік соғыста майданға шақырылған Нәзір Төреқұлов Батыс майданның Минскі қаласы түбінде окоп қазуға тартылады. Сонда жүріп Бүкілресейлік жер жөніндегі одаққа мүше болып кіреді.
1917 жылғы ақпан және қазан төңкерістеріне қатысады. 1917 жылдың аяғында Торғай облыстық Кеңесінің органы «Қазақ мұңы» газетінің редакторы және Кеңестердің Торғай облыстық бірінші сиезіне делегат болып сайланады.
Түркістан өлкесінде жүргенде жастарға, оның ішінде ұлттық кадрларды дайындауға қатты көңіл бөледі. Ол Ғ.Мұратбаев, С.Сапарбеков, С. Қожанов секілді жастардың саяси білімдерінің кеңеюуіне ықпал етеді.
Н.Төреқұлов Қосшы одағын ұйымдастырушылардың бірі болады. Сондай-ақ КСРО халықтарының жазуын латын әрпіне көшіру жөніндегі комиссияның мүшесі болады.
1937 жылғы қуғын-сүргін кезінде «халық жауы» деген желеумен ұсталып, ату жазасына кесіледі.
Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz