20.01.2023, 11:10
Оқылды: 28

Оқу-ағарту министрі облыстық әдістемелік орталықтар басшыларымен кездесті

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әдістемелік орталықтардың басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуде ведомство басшысы тараптардың ұсыныстары мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы президентінің баяндамасын тыңдады, деп жазады ҚР Оқу-ағарту министрлігі сайтында. 

Снимок экрана (9)

Қазақстанда 3 мыңға жуық әдіскер бар. Олардың көпшілігі 2022 жылы академияның білім беру саласындағы өзекті мәселелерін талқылау және оларды шешу жолдарын әзірлеу бойынша 50-ден астам іс-шарасына қатысты.

Жиын қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрі бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, олар педагогтер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге және әдістемелік орталықтар бойынша үлгілік ережені әзірлеуге қатысты болды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале