18.07.2023, 14:30
Оқылды: 20

Оқу-ағарту министрлігі: Лагерь сөзі орталық деп өзгертіледі

Оқу-ағарту министрлігі лагерь сөзін орталық атауымен өзгерту мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

лагерь (2)

«Министрлік «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Онда «лагерь» атауын «орталық» атауымен алмастыру мәселесі пысықталуда. Жалпы, жазғы уақытта балаларды демалыспен, сауықтырумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда және министрліктің ерекше бақылауында»,- делінген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Мәжіліс дептутаты сауалына берген жауабында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале