Бүгінде оқу пәндерінің цифрлық форматқа көшірілу көрсеткіші 80 пайыздан 93 пайызға дейін өсті. Бұл алдын ала көрсеткіш, яғни желтоқсан айында сараптаманың соңғы кезеңі - пәндік сараптамалық комиссия өтеді. Сараптаманың қорытындысы бойынша нақты көрсеткіш жарияланады.
Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспа 11 платформада әзірленіп жатыр.
Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтер қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді.
Мұғалімдер заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, саралау мен даралауды пайдалана отырып, сабақтарын өткізеді.
Сондай-ақ онлайн ресурстарын қолдану арқылы білімдерін жетілдіреді.
Бұдан басқа, робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1000 заманауи кабинет ашу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда 976 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталған.
Айта кетейік, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында пәндік кабинеттер жоспар бойынша толығымен сатып алынған.