6.08.2024, 11:00
Оқылды: 85

Оқу жылы қарсаңында Қазақстанда күрделі жөндеуден кейін 222 мектеп ашылады – Оқу-ағарту министрлігі

Үкімет отырысы барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру нысандарының қазіргі жағдайы туралы баяндады.

A770496A-301F-4E80-9A0B-435A8390FDF5

Сурет: Үкімет

• Бүгінгі таңда республика бойынша 7 859 мектеп жұмыс істейді, оның 6 387-сі жақсы жағдайда. Жамбыл, Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстарында 1290 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді.  

• Сонымен қатар 280 мектепте жайлы оқу жағдайын жасау үшін қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 222 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары оқу жының басына дейін аяқталады. 

Кестеден артта қалу қаупі Қарағанды, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында қосымша 15 объект бойынша анықталып отыр. 

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен білім беру нысандары бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

«Ауқымды су тасқыны салдарынан барлығы 40 білім беру нысаны зардап шекті. Бүгінгі таңда 5 нысан бойынша қалпына келтіру жұмыстары  аяқталды.  16 нысан бойынша жұмыс жүргізілуде», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале