Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қыркүйекте Степногор қалалық полиция басқармасына жасөспірімнің жоғалғандығы туралы хабар түскен. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Сурет: istockphoto.com
«Оқушы 13 қыркүйектен бері мектепке бармаған. Жедел іздестіру шарасы барысында жоғалған жасөспірімнің ата-анасы, жақын туыстары мен таныстары, достары анықталып, сұрастырылды. Нәтижесінде жасөспірімнің Бестөбе кенті аумағындағы шахтаға түскені анықталды. Бала шахтадан шығарылып, туыстарына аман-есен тапсырылды», - деді ведомстводан.
Баланың сөзінше, ол шахтаға алтын іздеуге түскен.