9.11.2022, 11:47
Оқылды: 133

Оқушылар мен ата-аналар мектептегі әжетхана, жуынатын бөлме, асханадағы мәселелерге қатысты министрлікке хабарлай алады

Қазақстандық оқушылар мен ата-аналар мектеп әжетханалары, жуынатын бөлмелердегі проблемалар және асханасындағы бұзушылықтар туралы Оқу-ағарту министрлігіне хабарлай алады, деп жазады Оқу-ағарту министрлігі. 

Айта кетерлігі, авторлардың анонимділігіне кепілдік беріліп, олар туралы ақпарат жарияланбайды.  Мектеп әжетханалары мен асханаларындағы кемшіліктер туралы фото және видеоны 8 700 699 04 46 нөміріне What’s App және Telegram-BOT-қа, Instagram желісіндегі @balaga.laiyq парақшасын белгілеу арқылы жіберуге болады. Сондай-ақ мектептерге осы әлеуметтік желілерге сілтемелері бар QR-кодтар қосымша жіберілмек.

министр

Еске сала кетейік, Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен «Балаға лайық» акциясы «Мектептің жақсаруына көмектес!» ұранымен өтуде.   Науқан осы жылдың 20 желтоқсанына дейін жалғасады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанованың айтуынша, акцияға кез келген оқушылар, еріктілер, балалар өкілдігі, мұғалімдер, ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және тағы басқалар қатыса алады.

Акциясының нәтижесінде мектептегі жуынатын бөлмелер мен асханалардың жағдайы айтарлықтай жақсарғанын айта кеткен жөн. Заң бұзушылықтар анықталған 100-ден астам мектепте жөндеу жұмысы жүргізіліп, кемшіліктер жойылған.

Мысалы, Павлодар қаласындағы №5 орта мектептің әжетханасындағы кабиналар ата-аналардың министрлік өкілдеріне берген өтінішінен кейін қалыпқа келтірілген.

- Солтүстік Қазақстан облысы Арықбалық ауылының мектебінде су құбырлары ауыстырылып, жөндеу жұмысы жүргізілді. Орал инновациялық лицейі асханасының жұмысына қатысты түскен өтініштен кейін мектепте асханаға дезинфекция жүргізіліп, оқушыларды тамақтандыру сапасы жақсартылды.  Мектептегі әжетханалар мен асханаларға мониторинг жазалау үшін емес, балаларға қажетті жағдай жасауға мектептерді бірлесе тарту үшін жүргізіліп жатқанын атап өткім келеді, - деді Насымжан Оспанова.

Акция кезінде мектептердің жуынатын бөлмелері мен асханаларының жағдайы туралы барлығы 1 000-нан астам шағым түскен. Ең белсенділердің арасында Астана мен Алматы қалаларының, Алматы, Ақмола және Қызылорда облыстарының оқушылары мен ата-аналары бар. Әрбір өтінішті облыстық білім басқармалары қарайды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале