4.03.2025, 9:00
Оқылды: 291

Оқушылар уланған: енді Қазақстанда импорттық снектар сатылмайды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақтөбе облысындағы мектептердің бірінде оқушылардың күмән келтіретін өнімдерден (снектар) жаппай улану фактісі бойынша осы өнімдер сатылатын дүкендерге мониториң жүргізді.

84b9f3d0eb2173dadecbe6286b21a2ea_1280x720
Фото: gov.kz
🖥

Мониториң барысында 1,5 мыңнан астам дүкен тексерілген. Кеден одағының техникалық регламенттерін сақтау тұрғысынан зертханалық зерттеулер үшін шығу тегі күмәнді импорттық өнімдердің (снектар) 14 үлгісі сатып алынған.

Зерттеу нәтижелері бойынша осы өнімнің құрамында дәм күшейткіштер (тағамдық қоспалар) бар екені анықталған. Натрий глутаматы (Е621), натрий гуанилаты (Е627), натрий инозинаты (Е631), оларды өндірісте қолдану техрегламенттердің талаптарында белгіленбеген.

СЭБК атап өткендей, дәмді күшейткіштері бар өнімдерді шамадан тыс тұтыну үнемі артық тамақтануды ғана емес, кейін семіздікке әкеліп соқтырады. Сонымен қатар аллергия, ас қорыту бұзылысы, күйік тудыруы мүмкін.

Тағамдарды таңбалауда өнімнің атауы, сандық құрамы, тағамдық және энергетикалық құндылығы, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының, импорттаушы ұйымның орналасқан жері, ГМО бар екендігі туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ өнімнің белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалауды растайтын сәйкестік туралы декларация жоқ.

Аталған өнім бойынша жедел шаралары қабылдандып, сатылымнан алып тасталды.

Көрсетілген тағамдарды сататын сауда нысандарына техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес таңбаланған сәйкестік туралы декларацияның міндетті түрде болуы, тамақ өнімін сатуға қабылдау жөніндегі талаптардың сақталуы туралы хабарламалар жіберілді.

Қазіргі уақытта осы өнімді әкелуге және сатуға тыйым салуды қоса алғанда, санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале