Бүгін Орал қаласында БҚО аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізуде округтік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру" тақырыбында оқыту курсы өтті.

Бұл шараға өңірдегі сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері қатысты.

Жиынды ашқан облыстық комиссия төрағасы Ғайса Қапақов алдағы саяси науқанда барлық жұмыс заң талаптарына сай өрбуі қажет екендігін ескертті.

Сондықтан семинар барысында комиссиялар қызметін ұйымдастыру, олардың өкілеттіліктері, кандидаттармен байланыс, комиссиялар жұмысындағы жариялылық және саяси партия мен байқаушылармен өзара іс-қимыл тетіктері талданды. Аумақтық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі комиссия мүшелерінің біліктілігін одан әрі жетілдіре бермек.


БҚО аумақтық сайлау комиссиясы