14.02.2024, 14:45
Оқылды: 105

"Өлді деуге бола ма?" Композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы әкесін еске алды

Композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев желідегі парақшасында әкесін еске алып, тірі болғанда биыл 84 жасқа толатынын жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

6e9cfce5-3c7f-48e9-965a-1b1e29b1b123

Фото: instagram.com/birjan_khassangaliev

Оның айтуынша, композитор өзі жоқ болса да, артынан мәңгі өтпес музыка қалдырды.

"Өлді деуге болама, айтыңдаршы, өлмейтұғын артынан із қалдырған".

Бүгін, менің әкем Ескендір Хасанғалиев 84 жасқа келер еді. Өзі жоқ болса да, артынан мәңгі өшпес музыкасы қалды. Қазақ барда әуені халықтың жүрегінде!", - деп жазған ол.

Еске салайық, Ескендір Хасанғалиев 2021 жылы коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған болатын.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале