18.03.2025, 10:00
Оқылды: 144

"Өлгім келмеді": 95 күн бойы теңізде болған балықшы тірі қалды

Перулік балықшы ашық теңізде мәжбүрлі түрде өткізген 95 күннен соң отбасымен қайта қауышты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

бақ

Сурет: baq.kz

Daily Mail басылымы таратқан мәліметке сүйенсек, 61 жастағы теңіз жағасында орналасқан Маркона қаласынан балық аулауға шыққан. Ол екі аптаға жететін азық-түлігін алғанымен, ауа райы күрт өзгеріп, ұзақ уақытқа қалған.

Отбасы оны қанша іздегенімен, теңіз патрульдері балықшыны таба алмайды. Тек эквадорлық балық аулау патрулі оны жағалаудан 1000 шақырымдай жерден өте әлсіз күйде тапқан.

- Мен өлгім келмеді, - деп еске алды Напа теңіз үстінде өткізген күндерін.

Айтуынша, ол тірі қалу үшін амалсыз жәндіктерді, құстар мен тасбақаларды жеген. Отбасы мен екі айлық немересі туралы ойының арқасында аман қалдым деп отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале