Бүгін «Жас Отан» Жастар қанатының «Олимп шыңын бағындыр» жобасы аясында студенттер мен жастардың басын қосқан шаңғы жарысы ұйымдастырылды. «Атамекен» балалар-жасөспірімдер туризм және экология орталығында өткен шараға 80-ге жуық жас қатысты, деп хабарлады «Жас Отан» Жастар қанаты БҚО филиалы төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев.
«Басты мақсат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарына қатысып жатқан отандастарымызды қолдау және бұқаралық спорттың дамуына үлес қосу. Жекелей сында ерлер арасында Педагогикалық колледждің студенті Сансызбаев Еламан жеңімпаз атанса, қыздар арасында БҚАТУ студенті Иргусаева Наргиза өзгелерден озық болды. Сайыс соңында жоғары және арнаулы оқу орындары құрамалары арасындағы эстафеталық жарыста Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жеңіске жетті. Жүлделі орынға ие болған жастар мен құрамаларға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды» дейді Нұрғали Қаршығаұлы.
zhaikpress.kz