
Елдос Сметов Лондоннан елге оралғанын айтып, қазақстандық дзюдошыларға жанкүйер болғанын жеткізді. Оның айтуынша, биылғы турнирдің деңгейі былтырғыдан да жоғары болған.
- Қазақстанға оралып, елордамызда үшінші рет ұйымдастырылған Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында бауырларыма жанкүйер болдым. Турнирдің дәрежесі жыл сайын артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қатысып, балуандарымыздың белдесуін тамашалауы - біз үшін үлкен құрмет. Бұл бізге ерекше серпін береді. Биыл құрама 9 медаль жеңіп алды. Жас дзюдошыларымыз да жүлделі орындардан көрініп, тәжірибелі балуандардың жолын лайықты жалғастырып келеді. Әсіресе 60 келі салмақтағы спортшыларымыз "қазақтың салмағы" деген атақты сақтап қалды, - деді Елдос Сметов.
Ол алдағы уақытта да ел намысын абыроймен қорғауға бар күшін салатынын жеткізді.
Еске салайық, 9-11 мамыр аралығында өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасы 3 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды.