12.02.2022, 17:25
Оқылды: 25

Олимпиада: Қазақстандық шаңғышылар эстафетаны 15-орынмен аяқтады

Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиадада шаңғы жарысынан әйелдер арасында эстафета бойынша жарыстар мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220212151921553e

Қазақстан құрамасы сапынан эстафета сынына төрт атлетіміз Валерия Тюленева, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қатысты. Алайда, 4х5 км эстафетадан Қазақстан әйелдер құрамасы жарыс қорытындысы бойынша 15-ші орынға ие болды.

Аталған додада бас жүлдені Ресей құрамасы, күмісті Германия құрамасы, үздік үштікті швециялықтар қанжығасына салды.

Эстафета 4х5 км. Әйелдер. 1. Ресей – 53:41,0

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале