Кеше ел қоржынына қола жүлде салған мерген қыз Александра Ле пневматикалық винтовка ату сынының финалына жолдама иеленді.
Фото: olimpic.kz
Іріктеу сынында 6-орынға ие болған Саша ертең медаль таласына түседі.
Өкінішке орай, бадминтоншы Дмитрий Панарин жапондық қарсыласына жол беріп, жарысты ерте аяқтады. Сонымен қатар академиялық ескек есуші Владислав Яковлев 1/4 финалға өте алмады. Семсерлесу шебері Вадим Шарлаимов Оңтүстік Африка өкілін жеңіп, 1/16 финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Бүгінгі сында ел қоржынына дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев, семсерлесушілер Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов және Вадим Шарлаимов секілді спортшылар жүлде салуы мүмкін.
Тағы бір мерген қыз Арина Алтухова іріктеуде 17-нәтиже тіркеді. Енді ол 50 метрлік сында өнер көрсетеді.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz