Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында, бапкерлер мен боксшылардың қатысуымен жиналыс өтіп, жаңа құраманың капитанын сайлады. Бұл туралы Қазспорт жазды.
Фото: Владислав Семенов / Olympic.kz
«Спортшылардың басым көпшілігінің дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін Әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды», - делінген хабарламада.