28.05.2024, 14:45
Оқылды: 34

Олимпиадаға іріктеу: Мұхамедсабыр Базарбайұлы екінші кезеңнен сүрінбей өтті

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Мұхамедсабыр Базарбайұлы жеңіліссіз келеді, деп жазады Olympic.kz. 

1716880697

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

63,5 келі салмақта сынға түсіп жатқан ол бүгін түркиялық Мизан Айкөлді жеңді. Бұған дейін Базарбайұлы филиппиндік қарсыласы Кристиан Питт Лауреттені ұтқан болатын.

Айта кетелік, бокстан Қазақстан командасы жеті салмақтың алтауында жолдама алып үлгерді. Енді бір салмақтағы квота мәселесі Таиландтағы соңғы іріктеу турнирінде шешілмек.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале