Әлемнің 34-ші ракеткасы Юлия Путинцева Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан теннистен WTA 1000 турнирінің бірінші кезеңінде 77-ші нөмірлі Харриер Дартты жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сурет Юлия Путинцеваның жеке парақшасынан алынды
Кездесу 4:6, 6:0, 6:1 есебімен аяқталды. Теннисшілер арасындағы кездесу 1 сағат 47 минутқа созылды.
Келесі айналымда Путинцева америкалық Кори Гауффқа қарсы ойнайды.
Естеріңізге сала кетейік, Цинциннатидегі турнир 13-19 тамыз аралығында өтеді, ал жүлде қоры 3 211 715 долларды құрайды.