29.10.2024, 12:45
Оқылды: 83

Олжас Бектенов: «Ауыл шаруашылығы техникасын жасауға қолдау шаралары тек отандық өндірушілер үшін қарастырылған»

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде субсидиялау ережелері қайта қаралды. Осы жылдан бастап қолдау шаралары тек отандық өндірушілерге бағытталды. Импорттық өнімді субсидиялау алынып тасталды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.

IMG_0233

Сурет: Үкімет

Сондай-ақ техника лизингінің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау кезінде отандық техника үшін айтарлықтай төмен – сараланған тәсіл көзделді. Қабылданған шаралар локализациялауды тереңдетуге, шығарылатын техника номенклатурасын кеңейтуге және отандық техника паркін жаңартуды жеделдетуге ықпал етеді.

Бүгінгі таңда Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда техниканың тозу деңгейі жоғары болып қалуда – 76%-ды құрап отыр. Жаңарту қарқыны 5%-ды құрайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале