26.02.2024, 13:00
Оқылды: 47

Олжас Бектенов: «Киіктердің кедергісіз өрістеуі үшін экодуктар салу тиімсіз»

Киіктердің кедергісіз өрістеуі үшін экодуктар салу тиімсіз. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

ЖПК автор Нурлыбек Рахманов

«Киіктердің популяциясын реттеу мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігі ғылыми қоғамдастықпен бірлесіп, олардың санын бақылаудың, оның ішінде экодуктар салу арқылы тарихи өрістеу жолдарын қалпына келтірудің барлық ықтимал тәсілін қарастырды. Айталық, зерттеу барысында қымбат экодуктар салу киік популяциясының санына әсер етпейтіні анықталды», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Оның атап өтуінше, бұл шешім киіктердің жол үстіндегі экодук және жол астындағы өткелдермен жүрмейтінімен ғылыми негізделген. Өйткені олар ашық, тегіс ландшафттарда тіршілік етеді және биік құрылымдардан да, әр түрлі туннельден де қорқады.

«Осыған байланысты киіктердің кедергісіз өрістеуі үшін экодуктар салу тиімсіз. Өйткені бұл шаралар оң нәтиже бермейді. Экодуктардың орнына, ғылыми ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес, тиісті ескерту белгілері мен қорғау қоршауларын орната отырып, киіктер өрістейтін учаскелерде еңіс беткейлер салу жоспарлануда», - деді Олжас Бектенов.

kaz.inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале