5.03.2024, 14:30
Оқылды: 43

Олжас Бектенов: «Мемлекет инвесторларға айтарлықтай қолдау көрсетіп отыр»

Олжас Бектенов Қазақстанда жергілікті қамту үлесін ұлғайтудың маңыздылығы туралы айтты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.

da4311c1-1e50-4286-a8ba-68af92e55066

Фото: t.me/KZgovernment

- Инвесторлардың, квазимемлекеттік сектордың сатып алу рәсімдерінде отандық тауарлар мен қызметтердің үлесін барынша ұлғайту қажет. Отандық өндірісті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру – біздің негізгі басым міндеттеріміздің бірі.

Мемлекет инвесторларға айтарлықтай қолдау көрсетіп отыр. Олар да өз тарапынан өнімділікті арттыру, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жергілікті кадрларды оқыту, тауарлар мен қызметтердің экспортын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қарсы міндеттемелерді орындауға тиіс, - деді министр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале