7.04.2026, 14:30
Оқылды: 16

Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды тапсырды

434354354_2

Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мәселесі қаралды, деп хабарлады primeminister.kz

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес күні кеше Үкімет еліміздің Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.

Қазіргі таңда сарапшылар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен  Конституцияның барлық новеллалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Осы ретте бүгінгі қарқынды баяулатып алмау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Премьер-министр Мәдениет және ақпарат министрлігіне  уәкілетті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп,  осы бағыттағы жоспарлы жұмыстарды одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселесіне өз алдына бөлек назар аударылды. Олжас Бектенов ол бойынша білім беру саласындағы министрліктерге тапсырма берді.

«Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері халықтың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру жөніндегі кешенді бағдарламаны уақтылы әзірлеп,  Конституцияның тың қағидаттарын  мектептер мен колледждердің  және университеттердің үлгілік оқу бағдарламаларына енгізуді қамтамасыз етуге тиіс», — деді Премьер-министр.

Сондай-ақ заңнамалық базаны қабылданған нормаларға сәйкестендіру қажеттігі атап өтілді. Барлық мемлекеттік органдарға Конституцияны түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру тапсырылды.

«Жаңа Конституцияның нормаларын ескере отырып,  белгіленген мерзімдерде  қолданыстағы заңнамаға кешенді талдау жүргізіп,  барлық заңдар мен бағдарламалық құжаттарды өзектендіру жұмыстарын аяқтау қажет.

Барлық орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдарға  Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале