30.10.2024, 10:15
Оқылды: 40

Олжас Бектенов: «ТКШ жаңғырту кезінде отандық өндіріс тауарларына басымдық беріледі»

Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев Үкімет отырысында Президенттің тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бизнес үшін ынталандыру шараларын енгізуге қатысты бірқатар ұсыныстарды айтты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.

IMG_0281

Сурет: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов жобаның негізгі бағыттарын бизнеспен жан-жақты талқылаудың маңызын атап өтті. 

«Мен жобада отандық өндірушілердің тауарларына айтарлықтай басымдық берілуін бірнеше рет тапсырдым. Сондықтан ұлттық жобада бұл жазылады, тиісті нұсқау бар. Жобаны бизнеспен, оның ішінде Машина жасаушылар одағымен отандық тауар өндірушілерді қорғауды және дәл отандық өнімді сатып алу жөніндегі міндеттемелерімізді қаншалықты дұрыс әрі нақты белгілегеніміз жөнінде талқылау қажет болады. Барлық салалық қауымдастықтың өкілдерінен өз ұсыныстарын берулерін сұраймын. Бұл бағдарламаға шамамен 10 трлн теңге бөлу жоспарлануда, сондықтан бұл біздің бизнесіміз үшін үлкен көлем», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале