19.02.2025, 12:00
Оқылды: 206

Олжас Бектенов Ұлытау облысында шахтадағы апат салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, үкіметтік комиссияның жұмысы туралы есепті тыңдады

Отырыста Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.Бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Телеграм каналы хабарлады. 

48c9d07b-65c6-4988-982b-5d4f8ab75855

Сурет: telegram.org

«Үкімет атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.
Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі.
Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарын жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың есебі тыңдалды.

«Оқиғанының мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек. Қанат Алдабергенұлы, жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы туралы үнемі баяндап отырыңыз», — деп атап өтті Премьер-министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале