15.07.2025, 12:30
Оқылды: 149

Олжас Бектенов: Жол құрылысы мен сапасы үнемі назарда

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте журналисттер ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтен жол құрылысы мен сапасы туралы сұрады.

a7dac2f6-42c6-422f-b685-9318964fdfc4
«Жолдардың сапасы өте өзекті маңызды мәселе. Биылдың өзінде біз бүкіл республика бойынша 13 мың шақырым жолды жөндеуден және реконструкциядан өткіземіз. Ол өте ауқымды жұмыс. Жаңа жолдар да салынып жатыр, мысалы, «Ақтөбе-Ұлғайсын», «Жезқазған-Қарағанды», «Жезқазған-Петропавл» және тағы басқалар. Жақында өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы орталықтан батысқа қарай үлкен автожол дәлізін салу туралы тапсырма берді. Біз осыдан тура бір ай бұрын жұмыстарды, яғни Астана қаласынан Ырғызға қарай жолды салуды бастадық. Бұл жол Торғай өңірінің, әсіресе Арқалық қаласының дамуына өте үлкен серпін беретін жоба. Өйткені, осы жол да, Жезқазғаннан Петропавлға баратын жол да Арқалық қаласы арқылы өтеді. Бұл бизнестің дамуына, осы өңірлердегі тұрғындардың өмір сапасының артуына үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан біз әрине бұл жұмыстарды жалғастыра береміз», - деді Премьер-министр.

Оның айтуынша, Қазақстанның жері кең байтақ болғандықтан жолдың өзін салу үшін қомақты қаржы, мықты инвестиция керек. Мысалы Еуропалық елдерді алсақ, олардың жер аумақтары соншалықты үлкен емес, сондықтан да онда инфрақұрылымдарға да көп қомақты қаржы жұмсалмайды. Ал бізге бұл жағдайда ірі инвестициялар қажет. Сонда да болса, біз бұл жұмыстарды тоқтатпай, кезек-кезеңімен іске асыратын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале