28.12.2021, 11:40
Оқылды: 32

Омикрон штамының салдарынан рейстер алынып тасталуда

Омикрон штамының таралуы Америка Штаттарындағы әуе қатынасын қиындатты. Соңғы тәулікте жаңа штамның салдарынан 700 рейс алынып тасталды. Себебі ұшқыштар мен экипаждың басқа мүшелері жеткіліксіз, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

211227225536604a3878868i

«Delta ірі әуе компаниясының бас директоры ауруларды бақылау жөніндегі орталықтан ковидтен кейінгі карантин уақытын азайтуды сұрады. Оның айтуынша, қызметкерлерді осынша ұзақ уақытқа карантинге жіберіп, әуе компаниясын басқару мүмкін емес», - деді саяхат бойынша кеңес беруші Саймон Калдер. Еуропалық Одақта әзірге қызметкерлер жетіспеушілігі байқалмайды. Көбіне Ұлыбританияда ұшатын рейстер алынып тасталуда. Коронавирустың жаңа штамы әлем бойынша саяхатшылар мен туристік компанияларға зиян келтіреді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале